Мұнай қызметтері

Өндіруші ұңғымалардың қолданысын ұзартып, өнімділігін арттыру арқылы көмірсутектің оңашаланған немесе  қосалқы қорына жетуге мүмкіндік беретін қызмет түрін, өнімдер мен жабдықтар, құрал саймандар ұсынамыз.

Жер астының  түрлі жағдайына қарамастан, жоғары деңгейде атқарылған қызмет және ұңғыма ішіндегі  атқарылған қызметтер, жабдықтар, аяқтау қызметтері өндірісті арттыру мен қалпына келіруге, дұрыс экономика мен барынша таза ағымдағы құнын ұстауға  бағытталған.

 Өндіріс саласында қызмет көрсету үшін ең сенімді компания болу мақсатында барлық мүмкіндіктерді қолданудамыз!

Петротехникалық қызметтер

Барлаудан бастап өндіруге дейінгі уақытылы шешімдерді ұсыну үшін жаңартылған интерпретациялық әдістер және заманауи бағдарламалық жасақтамаларды қолданатын тәжірибелі петротехникалық мамандар қызметін ұсынамыз

Деректерді өңдеу

Өндіру мен бұрғылау, жер астын бағалау, барлау операцияларын жақсарту үшін нақты уақыт тәртіптемесі бойынша деректерге түсінік беру .  

  • Жер астын бағалау: петрофизика, ұңғымалы геология
  • Бұрғылау: ұңғыма құрылысының техникалық жобасы
  • Өндіріс: өндірістік –геофизикалық  зерттеулер, жер қойнауқатын сумен ажырату дизайны және супервайзерлік қызмет
  • Қажет болған жағдайда басқа қызметтер

Ұңғыманы күрделі жөндеу (ҰКЖ)

Ұңғыманы күрделі  жөндеу  барысындағы стандартты жұмыстар үшін белгілі аудандарда және ауыр жол жағдайында  УПА-60 және А-50 білдектерін ұсынамыз

ҰКЖ қызметтері

  • Жөндеулі цементтеу
  • Ұңғыманы тоқтату және жабу
  • Аймақтық изоляция
  • Қабаттың гидравликалық үзіліміне ұңғыманы дайындау
  • Басқа да қызметтер

Ұңғыма ішіндегі операциялар

Ұңғыма ішінде иілгіш СКТ (ГНКТ) көмегімен жер қабатының қолданысын ұзартып, өнімділігін арттырып, көмірсутектің оңашаланған немесе  қосалқы қорына жетуге мүмкіндік беретін қызмет түрін ұсынамыз.

Иілгіш сорғыкомпрессорлы труба (ИСКТ)

  • Қалыптамалық қышқылдық өңдеу
  • Сулы деңгейжиектерді изоляциялау
  • Ұңғыма оқпанын тазалау жіне азот қызметтері
  • Ұңғыма циркуляциясы  және механикалық изоляция

Капиллярлық ИСКТ (кіші  диаметр)  

  • Ұңғыманы асфальтты смолопарифинделген шөгінділерден тазалау, жиналған тұздардан, қышқылды өңдеу үшін бағасы бойынша оңтайлы шешім.